13.09.2016, 09:06 2702

Астанада жұмысшы мамандықтар арасында World skills Kazakhstan-2016 чемпионаты ашылды

WorldSkills - халықаралық қозғалыс, әлемніӊ 75 елінде өрістеген және оныӊ негізгі мақсаты жұмыс мамандықтардыӊ мәртебесін арттыру және насихаттау болып табылады.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада World skills Kazakhstan-2016 чемпионатыныӊ ресми ашылуы болды. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі "Кәсіпқор" ұлттық холдингімен бірге ұйымдастырды.

WorldSkills - халықаралық қозғалыс, әлемніӊ 75 елінде өрістеген және оныӊ негізгі мақсаты жұмыс мамандықтардыӊ мәртебесін арттыру және насихаттау болып табылады.

Астанаға World skills Kazakhstan-2016 чемпионатына еліміздіӊ 16 аймағынан 140 байғауға қатысушы келді. Чемпионатқа 15 аталым бойынша жарыстар кіреді: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамханаға қызмет көрсету, кондитерлік, шаштараз және басқалар. Жеӊімпаздар ұлттық құрамаға кіреді және Қазақстанныӊ намысын Швейцарияда өтетін Еуропалық турнирде қорғайтын болады.

Бүгінгі күні Қауымдастықтыӊ құрамына 75 мемлекет кіреді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills қауымдастығыныӊ 70-ші қатысушы елі болды. 2015 жылы Қазақстанда алғаш рет WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді және оған Қазақстанныӊ 14 облысы мен Астана және Алматы қаласынан келген 70 адам қатысты.

Өткен жылы байқау жеті құзырет бойынша өтті. Биыл олардыӊ саны 15. Олар: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамханаға қызмет көрсету, кондитерлік, шаштараз, желілік және жүйелік әкімшілік, веб-дизайн, механотроника, құрғақ құрылыс және сылақ, кірпіш қалау, дәнекерлеу, сырлау және сәндік жұмыстары, тақтамен қаптауыш, мектепке дейінгі білім беру, жобалау киім, электромонтаждау жұмысы.

"Чемпионат Мемлекет басшысыныӊ "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру аясында өткізілуде. Бастапқыда облыстық турнирлер өтті, ал бүгінгі жеӊімпаздар ұлттық біріншілікке қатысуда. Олардыӊ саны 1200 адам. Жыл сайын құзыреттіӊ саны өседі және біз 2019 жылы олардыӊ санын 47-ге дейін апаруды жоспарлаудамыз",-деді "Кәсіпқор" Ұлттық холдинг төрағасыныӊ міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков.

Чемпионатты құттықтау сөзімен ҚР БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева ашты.

"Құрбан айттыӊ бірінші күнінде баршамызға сүйікті болған World skills Kazakhstan-2016 чемпионатын ашып жатқанымыз қуантады. Бар болғаны екінші жыл оны мерекелеудеміз, алайда аз уақыт ішінде біз оны жақсы көріп қалдық. "Кәсіпқор" ұлттық холдингісіне, кәсіпкерлер палатасына және тағы да басқаларына осындай маӊызды мерекеге қол ұштарын бергенге алғыс білдіргім келеді. Министр Ерлан Сағадиевтіӊ атынан табыс тілеймін",-деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны