28.12.2011, 10:03 3159

Астанада жүргізілген арнайы шара барысында 3 мыңнан астам қауіпті пиротехникалық өнім тәркіленді

"Пиротехника" операциясы аясында астаналық полиция қызметкерлері 12 бұзушылықты анықтады, сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің 3 мыңнан астам данасы сатудан алынып тасталды.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада жүргізілген арнайы шара барысында 3 мыңнан астам қауіпті пиротехникалық өнім тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Пиротехника" операциясы аясында астаналық полиция қызметкерлері 12 бұзушылықты анықтады, сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің 3 мыңнан астам данасы сатудан алынып тасталды.

Осылайша, жедел-алдын алу операциясының барысында "Артем" сауда үйінің қасында полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімнің ірі тобын - 13 қорапта болған 783 данасын тәркіледі. Оларды сақтауға және сатуға рұқсат ететін құжаттар болған жоқ. Заңнаманы бұзған сатушыларға әкімшілік айыппұлдар салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 19 желтоқсанынан бастап полиция қызметкерлері ТЖ қызметкерлерімен бірігіп пиротехникалық өнімдерді сататын сауда орындарына рейдтер жүргізіп жатыр. Осындай рейдтердің мақсаты - пиротехникалық өнімдерді сату және сақтау ережелерінің сақталуын тексеру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны