22.10.2012, 17:42 3265

Астанада жүргізушілер бейнекамералар арқылы тіркелген айыппұлдарды енді eGov.kz порталында төлей алады

eGov.kz порталында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер үшін айыппұлдарды төлеу сервисі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 22-қазан. Kazakhstan Today - Астанада жүргізушілер бейнекамералар арқылы тіркелген айыппұлдарды енді eGov.kz порталында төлей алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

eGov.kz порталында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер үшін айыппұлдарды төлеу сервисі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Бұл қызметті әзірше тек Астана қаласында фото-бейне белгілеу жүйесіне түсіп қалған жүргізушілер ғана қолдана алады.

"Төлемді жүргізу өте қарапайым. Бұл үшін www.egov.kz авторизациядан өтуі және "Көлік және коммуникация" - "Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу" тарауын таңдауы керек. Сосын автомобильдің мемлекеттік тіркеу нөмірін және техникалық паспорттың нөмірін немесе алдын ала жазылған деректерді (бланкінің түрі, бланкінің сериясы, бланкінің нөмірі, бұзушылық күні) енгізу қажет. Одан кейін пайдаланушы төлем картасы, "Сбербанк" АҚ ЕБ жеке шоты және шот-тапсырыстың көмегімен айыппұлды төлейді және электрондық чекті алады. Аталмыш чекті кез келген уақытта eGov.kz порталындағы "Қызметтерді төлеу тарихы" тарауынан табуға болады", - делінген "ҰАТ" таратқан хабарламада.

Бүгінгі күні бұл қызмет елордада ғана жұмыс жасайды, алайда техникалық дайындықтың шарасы бойынша ағымдағы жылдың аяғына дейін жылдамдық өлшеу құралымен белгіленген бұзушылықтар үшін айыппұлдарды онлайн-төлеу елдің басқа да қалаларында іске қосылады.

Фото-бейне белгілеу жүйесімен белгіленген бұзушылықтар үшін айыппұлдарды төлеу туралы нақтырақ Қазақстанның барлық опеаторлары үшін тәулік бойы және тегін 1414 нөмірі бойынша білуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны