22.02.2007, 14:06 4671

Астанадағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысына бірнеше ондаған мың жаңа жұмысшылар қажет - Астана әкімі

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Астанадағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысына бірнеше ондаған мың жаңа жұмысшылар қажет. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлермен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне қатысты өткен кездесу барысында Астана әкімі Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қалада жұмыссыздық деген атымен жоқ, керісінше, бізге жаңа жұмыс күші керек, бізге жаңа еңбек қоры керек",- деді Асқар Мамин. Ол "бізге тек жүзеге асырылып жатқан кейбір әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бойынша ғана бірнеше мыңдаған жаңа жұмысшылар қажет", екендігін нақталап өтті.

Икімнің сөздеріне сүйенсек, Астанада медициналық кластер құру, жаңа университет салу, отыз мың орынға арналған стадион салу, велотрек, конькимен сырғанау стадиона мен теннисного кортын салу жобалары туралы сөз қозғалып отыр. "Осы нысандардың барлығы да негізінен 2008 жылы 6-шілдеде атап өткелі отырған Елордасын Астанаға көшірудің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға беріледі",- деді Асқар Мамин.

Ол, сонымен қатар, қазіргі уақытта Астанада 600 мыңнан астам адамның тұрып жатқандығын, бұл көрсеткіш 1997 жылғы бұрынғы Ақмола тұрғындарынан (250 мың адам) екі есе көп екенін еске сала кетті. "Қаланың болашақта өркендеу мүмкіндігін ескере отырып, қолдағы барлық жобалар мен жоспарлардың жүзеге асырылуын ескере отырып жасаған болжамдарымыз бойынша, біз 2010 жылы қала тұрғындарының саны 1 миллионға жетеді деп күтудеміз",- деді Асқар Мамин. Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта астананың 90 мыңдай тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысады, соңғы жылдары Астанада 15 мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны