03.04.2007, 18:12 3534

Астанадағы ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми орталығы шетелдік компанияның басқаруына беріледі

АСТАНА. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Астанадағы ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми орталығы шетелдік компанияның басқаруына беріледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы аяқталғаннан кейін денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес Астанада алты ғылыми орталықтан тұратын медициналық кластер салынуда, үстіміздегі жылы ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми орталығын, заманауи емдеу мекемесін пайдаға беру жоспарлануда",- деп еске сала кетті Анатолий Дерновой. "Президент астаналық кластерге жататын осы және басқа да ғылыми орталықтар арқылы диагностика мен ауруды емдеудің жаңа медициналық технологияларын енгізу және алға бастыруға барынша мүмкіндік туғызу міндетін қойған. Осыған байланысты біз Ана мен бала орталығын басқаруға осындай озық медициналық кешендерді басқаруда үлкен тәжірибесі бар әлемдік халықаралық компанияларды тарту қажет деп санадық",- деп түсіндірді министр.

Оның ақпараттарына сүйенсек, "орталықты сенімді басқаруға беруге тендер жүргізген, бірақ оның жеңімпазына қатысты ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ". "Ана мен бала орталығын басқаруға келетін компания әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болады деп есептеймін",- деді Анатолий Дерновой.

Министр сондай-ақ, өз жұмысын бастағаннан кейінгі мекеменің міндеті "онда тек ана мен баланың денсаулығын қорғауда ең жоғарғы халықаралық стандарттар бойынша медициналық көмек көрсетіліп қана қоймай, онда озық халықаралық тәжірибелерді пайдалана отырып, осы емдеу мекемесінің базасында аймақтардан келген мамандарды қайта дайындайтын білім беру орталығын құру болып табылады",- деп атап өтті. "Орталық жанында дәрігерлерді, медицина қызметкерлерін қашықтан оқыту жүйесін құру жоспарлануда және бұл орталық елдегі медицина қызметкерлерін оқытатын жетекші орталық болады",- деп санайды А. Дерновой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны