19.03.2007, 17:30 3271

Астанадағы апаттық жағдайдағы үйлердің ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды - астана әкімшілігінің тұрғын үй департаменті

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Астанадағы апаттық жағдайдағы үйлердің ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды. Бұл туралы Астана әкімшілігіндегі апта сайын өткізілетін жедел кеңес барысында тұрғын үй департаментінің директоры Святослав Ногай мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2005 жылы астананың тұрғын үй қорын тексеру нәтижесі бойынша санитарлық-техникалық пайдалану нормаларына сәйкес емес 150 нысан анықталған, олардың 82 үйі апаттық жағдайдағы тұрғын үй санатына жатқызылған. Осыған байланысты әкімшілік апаттық жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бағдарлама әзірлеген болатын, осы бағдарламаға сәйкес тозу деңгейі 60 пайыздан асқан 82 ескі тұрғын үйді бұзу қарастырылған",- деді С. Ногай. Ол апаттық жағдайдағы үйлердің жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрден асатындығын атап өтті.

"Бұзу жөніндегі бағдарламада 12 үйді 1 млрд 73 млн 553 мың теңге көлеміндегі бюджет қаржысы есебінен және қалған 70 үйді 8 млрд 424 млн 900 мың теңгеге кезең-кезеңмен мемлекеттік емес инвесторлар қаржысының есебінен бұзуды қарастырылған",- деп хабарлады департамент директоры. Атап айтқанда, оның ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылы 7 үй, соның ішінде 4 үй бюджеттік қаржы есебінен және 3 үй бюджеттік емес қаржы есебінен бұзылған. "2007 жылы 30 үйді бұзу жоспарланған, олардың 3-уі бюджет есебінен және 27-сі бюджеттік қаржы есебінен, ал 2008 жылы - 45 үй бұзылса, оның үшеуі бюджет есебінен бұзылады",- деп түсіндірді С. Ногай.

Оның айтуынша, 2006 жылы бұзылған үйлердің жалпы ауданы 4596 шаршы метрді құраған, ал 80 отбасын басқа үйлерге жайғастыруға тура келген. "2007 жылдың басынан бері апаттық жағдайдағы 171 отбасы тұратын бес үйдегі азаматтарды жайғастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде олармен бұзылған үйлердің орнына "Пәтер бюросы" АҚ инвесторлармен бірлесе отырып үлес қосу негізінде салынатын үйлерге көшіру жөніндегі келісім-шарттар жасалған",- деп хабарлады департамент директоры. Оның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Астана қаласының тұрғын үй қорында 20 447 ғимарат бар, олардың 2,7 мыңы - екі және одан да көп қабатты үйлер. "Қалған 17 747 үй жер үйлерге жатады",- деді С. Ногай.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны