04.08.2015, 20:30 3353

Астанадағы "Артем" сауда үйініӊ қасындағы оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды

Астана қаласындағы "Артем" сауда үйініӊ қасында орын алған оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды елордалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы "Артем" сауда үйініӊ қасында орын алған оқиға туралы жалған ақпаратты таратушы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды елордалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы 4 тамызда Астана қаласындағы Алматы ауданыныӊ № 2 соты азамат Төлеуовті 2015 жылдыӊ 16 маусымында "Артем" СҮ-де орын алған оқиғаларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісімен айыптау бойынша бұған дейін жіберілген істі қарады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот үкімі бойынша Төлеуов ҚР ҚК-ніӊ 274 бабыныӊ 2 бөліміндегі 3 тармақшасымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны