25.06.2008, 15:12 3519

Астанадағы ауаның жағдайы экологиялық тұрғыда аса қолайсыз деп сипатталуда - Астана прокуратурасы

Астанадағы ауаның жағдайы экологиялық тұрғыда аса қолайсыз деп сипатталуда - Астана прокуратурасы

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы ауаның жағдайы экологиялық тұрғыда аса қолайсыз деп сипатталуда. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасының алқа мәжілісі барысында осы прокуратураның мемлекеттік органдарының іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев құлағдар етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Кейінгі екі жылда Астанадағы ауаның жағдайын экологиялық тұрғыда аса қолайсыз деп сипаттауға болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың өткен мерзімі де осы жайттан хабар береді, өйткені, атмосфера ауасының ластану индексінің шамасы ағымдағы жылдың 4 айында 9,31 бірлікті құрады", - деді Д. Қаржаспаев.

Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянына сәйкес, кейінгі 10 жылда атмосфера ауасының ластану индексі 1,5-нан 4,3 бірлікке дейін өскен.

"Кейінгі жылдарда қала тұрғындарының санымен қатар автокөліктің саны да артты. Егер 2000 жылы қалада 40 мыңнан астам көлік болса, 2007 жылы олардың саны 200 мыңға жақындады", - деді Д. Қаржаспаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны