29.09.2008, 15:31 3019

Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды анықтамаларды енгізу қызмет көрсету мерзімін екі күннен 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді - Балиева

Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды анықтамаларды енгізу қызмет көрсету мерзімін екі күннен 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді - Балиева

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы және мүлікке қатысты қиындықтар туралы электронды анықтамаларды енгізу қызмет көрсету мерзімін екі күннен 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халық сұраған анықтамаларды беруде мейлінше қолайлы жағдайлар жасау үшін 10 қазаннан бастап Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы анықтамалар электронды форматпен берілетін болады ", - деді З. Балиева.

"Осы мерзімде ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп мүлікке қатысты қиындықтар туралы электронды анықтамаларды беру мүмкіндігін жолға қою жоспарланған. Нәтижесінде, азаматтар осындай анықтамаларды екі күнде емес, 15 минутта ала алады", -деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл қызметке жылдың аяғына дейін еліміздің барлық өңірлері қол жеткізе алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны