13.07.2007, 17:50 3192

Астанадағы құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтар анықталды - қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Астана қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында департамент директоры Жандарбек Бекшин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тексерулердің нәтижесінде 58 асхананың жұмысы тоқтатылып, 98 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтар "АБК-құрылыс", "Базис", "Альянсстройинвест" секілді компанияларда анықталған. " Бұл мәселені тұрақты қадағалап отыру қажеттігін тексеру нәтижесі көрсетті. Тексерулер жылдың екінші жартысында да жалғасады", -деп сендірді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, тексерулерді прокуратура органдары, Астана қалалық өнеркәсіп және кәсіпкерлеік департаменті, сондай-ақ, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері бірлесе жүргізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны