28.10.2018, 14:33 5470

Астанадағы "Нұрлы жол" вокзал кешені арқылы 7 миллионнан астам жолаушы мен келушілерге қызмет көрсетілген

Биыл ашылғанына екі жыл толған Астанадағы "Нұрлы жол" вокзал кешені арқылы осы аралықта 7 миллионнан астам жолаушы мен келушілерге, 1156 ұйымдастырылған топқа қызмет көрсетілген. Оныӊ 523-і балалар топтары болса, жолаушылардыӊ ішінде 6500 адам мүмкіндігі шектеулі жандар болған.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Биыл ашылғанына екі жыл толған Астанадағы "Нұрлы жол" вокзал кешені арқылы осы аралықта 7 миллионнан астам жолаушы мен келушілерге, 1156 ұйымдастырылған топқа қызмет көрсетілген. Оныӊ 523-і балалар топтары болса, жолаушылардыӊ ішінде 6500 адам мүмкіндігі шектеулі жандар болған.

Вокзал кешені директорыныӊ орынбасары Нұрлан Аманжоловтыӊ айтуынша, кешен жетілдіру, нақтырақ айтқанда логистиканы жақсарту және сервистік қызметті кеӊейтуге қатысты жетістіктерді ерекше атай кеткен жөн.

- Технологиялық аймақ - келу залдарыныӊ ашылуы вокзалда қосымша 12 эскалаторды іске қосу арқылы жолаушылардыӊ қарама-қарсы ағынын жоюға мүмкіндік берді. Жолаушылар қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында виджет табло кестесі қайта қарастырылып, ол екіге, яғни келетін пойыздар қозғалысыныӊ және жөнелтілетін пойыздар қозғалысыныӊ кестесі болып бөлінді. Қызмет сапасын арттыру үшін кешенде басқа да жұмыстар жүргізіліп келеді, - дейді Н. Аманжолов.

Тағы бір айта кетерлігі - жолаушыларға жайлы болу үшін тегін балалар ойын алаӊы, намазхана ашылды. Сонымен қатар қазпошта, массаж орындықтары, сувенир сататын дүкендер мен өзге де қызметтер пайда болды.

- Біздіӊ нысан көлік хабі секілі даму үстінде - себебі вокзал маӊы аумағында "Сапаржай" автовокзалыныӊ филиалы ашылды. Мұнда жолаушыларға , соныӊ ішінде қалааралық және облысішілік бағдарларда қатынайтын транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетіледі. Оларға да жолаушылар жайлылығы үшін күту залдары мен анықтама қызметі және билет кассасы қарастырылған, - дейді директордыӊ орынбасары.

Бүгінде негізінен жастардан құралған вокзал кешенініӊ ұжымы өз жетістіктерімен қашан да мақтана алады. Ол жетістіктер қызметкерлердіӊ жұмыстан тыс өмірлеріне де қатысты. Мәселен, вокзал ашылғалы бері 28 қызметкер отбасын құрған. Соныӊ ішінде 5 жұп дәл осы кешенніӊ қызметкерлері арасынан сыӊарларын тапқан. Солардыӊ бүгінде 14-і балалы-шағалы болып үлгерді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен оныӊ қызметкерлерініӊ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес барлық қызметкерлерге еӊбек демалысына байланысты материалдық көмек беріліп, теміржолшылар балалары жазғы демалыста екі жыл қатарынан Бурабайдағы "Дискавери Боровое" жазғы сауықтыру лагеріне барды. Оннан астам қызметкер еліміздіӊ аумағындағы санитарлық курорттық демалыс орындарында демалды.

Қызметкерлердіӊ қоғамдық жұмыстарға араласу белсенділігі өте жоғары. Бұған олардыӊ жастық жігері мен жалынды күш-қайраты да ықпал етсе керек. Олар қашан да ұлттық компания көлемінде өтетін спорттық-мәдени шараларға белсенді атсалысады және жүлделі орындарға ие болып жүр. Жастар саясатыныӊ шеӊберінде вокзал кешенініӊ 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлері аймақтық тренингке қатысып, соныӊ қорытындысында олар жыл сайынғы жастар форумыныӊ қатысушысы атанды. Кешеннен жинақталған көӊілділер мен тапқырлар командасы ұлттық компания КТК ойындарыныӊ лигасында мәреге жетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны