11.01.2019, 14:29 6463

Астанадағы республикалық "Изірет Сұлтан" мешітінде халыққа "Діни ақпарат беру орталығы" және 24 сағат бойы үзіліссіз қызмет жасайтын CALL орталығы ашылды

Ислам және отбасы жылы аясында қолға алынған бірегей жобалардыӊ бірі - Діни ақпарат беру орталығы.Аталмыш орталық қызметкерлері келушілерді арнайы қабылдап, жанұялық жағдайларға байланысты шариғи шешімдер қабылдауға көмектесетін болады.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы республикалық "Изірет Сұлтан" мешіті қашанда жаӊашылдық пен жарқын үрдістердіӊ үлгісін көрсетіп, замана көшіне сай технология жетістіктерін тиімді пайдаланып келеді.

"Изірет Сұлтан" мешітініӊ бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлыныӊ бастамасымен іске қосылып отырған сондай жобалардыӊ бірі - халыққа "Діни ақпарат беру орталығы" және 24 сағат бойы үзіліссіз қызмет жасайтын CALL орталығы ашылып отыр.

8 (7172) 33-30-30 нөмірі бойынша іске қосылған CALL орталығы жұмысына Астана қаласыныӊ 60 діни қызметкері жұмылдырылған. Түрлі діни мәселелер бойынша жауап іздеген жамағатқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетілетін болады.

Ал, Ислам және отбасы жылы аясында қолға алынған бірегей жобалардыӊ бірі - Діни ақпарат беру орталығы.Аталмыш орталық қызметкерлері келушілерді арнайы қабылдап, жанұялық жағдайларға байланысты шариғи шешімдер қабылдауға көмектесетін болады.

Қос орталықтыӊ ашылу салтанаты 10-қаӊтар күні өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны