29.12.2008, 09:21 1947

Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында балаларға арналған президент шыршасы өтті

Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында балаларға арналған президент шыршасы өтті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жұма күні 2008 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында өткен Елбасы шыршасына шақырылған ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар, балалар үйі мен елорда интернаттарында тәрбиеленушілерге арнап, жаңа жыл мерекесіне орай құттықтау жолдады.

9 бен 13 жас аралығындағы 150 жас қонақ Тәуелсіздік Сарайының көрме залдарымен танысқан соң, "Балалық шақ еліндегі жаңа жылдық ертегі" атты мерекелік шоу-бағдарламаны тамашалады. Алтын Айдар батыр мен ақ ұлпа Саққұлақ күшік бастауымен балалар таңғажайып елде қызықты саяхат жасап, елорданың Жаңа жылдық шыршасын іздеді. Олар ғажап лабиринттен өтіп, онда ертегі және мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, олардың тапсырмасын орындады.

Саяхатшыларға граффиттерде сурет салу керек болды, гирляндтарды 150 ауа шарымен жалғастырып, бақалшақтан сиқырлы маржандарды іздеуге және ғажайып перизаттардың жұмбақтарын шешіп, бидің көмегімен компьютерді вирустардан арылтуға тура келді.

Барлық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін барып қана балалар өздеріне сыйлықтар әкеле жатқан сиқырлы шанадағы Аяз Ата мен Ақшақарға кезікті. Олар барлығы бірлесе әсем шырша шамдарын жақты.

Шығыс күнтізбесі бойынша келетін Сиыр жылы 2009 жылдың символы ретінде салтанатты жалғастырды.

Қазақстан Республикасы президентінің атынан барлық қонақтарға ноутбук, мектепке қажетті керек-жарақтармен жабдықталған аспалы сөмкелер, түрлі тәттілерден тұратын сыйлық жиынтығы тапсырылады. Сыйлықтар құны 11,7 млн. теңгені құрады.

"Президент шыршасына" келген балалар дәл осы күні "Думан" ойын-сауық кешеніндегі "Джунгли" аниматрониктік театрының жаңажылдық бағдарламасын тамашалады. Балаларға арналған мерекелік шара мерекелік от шашумен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны