19.03.2012, 11:57 3325

Астанадан барлық бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағы бойынша "Астана-Петропавл" автожолының 18-233 шақырымындағы "Астана- Щучинск" аралығында барлық автокөліктердің қозғалысы үшін жол жабылды.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада боран салдарынан сағат 10:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағы бойынша "Астана-Петропавл" автожолының 18-233 шақырымындағы "Астана- Щучинск" аралығында барлық автокөліктердің қозғалысы үшін жол жабылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай,кеше Ақтөбе облысы өңіріндегі боранға байланысты "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 92-257 шақырымындағы Ембі-Шалқар аралығында барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Боран басылып, аталған учаске аралығы тазартылғанан кейін жолдағы көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылы бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны