31.10.2007, 15:11 6311

Астана-Дубай-Астана бағытында жаңа рейс ашылды

Астана-Дубай-Астана бағытында жаңа рейс ашылды

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 30 қазанында Астана қаласының халықаралық әуежайында жаңа Астана-Дубай-Астана рейсінің ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі бағытта ұшуды Эйрбас А-320 әуе кемесі жүзеге асыратын болады. Дубайға сейсенбі және сенбі күндері ұшып, Астанаға сәрсенбі және жексенбі күні қайта оралатын ұшақтардың ұшу уақыты 4 сағат 40 минут.

Ашылу салтанатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Мұхит Кубаев пен "Эйр Астана" АҚ-ның президенті Питер Фостердің қатысты.

М. Кубаев рейстің ашлыу салтанатында: "қазіргі таңда Қазақстанның дамыған көліктік жүйесі, халықаралық әуежайлар кешені, еліміздің халықаралық және транзиттік тасымалдарға деген сұранысын қамтамасыз ететін әуе жолдары бар", - деді. Сонымен қатар, ол көршілес мемлекеттер мен басқа да елдермен байланыстыратын халықаралық көлік жүйесін құру мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарының бірі екенін баса айтты.

"Эйр Астана" АҚ-ның президенті Питер Фостердің айтуынша, жаңа бағытты ашу экономикалық қажеттіліктен туындады. "Эйр Астана" авиакомпаниясының қызметтерін тікелей және транзиттік жолаушылар, кәсіпкерлер және Дубай арқылы Меккеге қажылыққа аттанатын мұсылмандар, туристтер мен студенттер тұтына алады.

Сонымен қатар, ұлттық тасымалдаушы Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Семейден жолаушыларды тартуды жоспарлап отыр. Болашақта компания Дубайға жасалатын рейстердің жиілігін арттыруды көздейді.

Қазіргі таңда "Эйр Астана" Дубайға Алматыдан күн сайын рейстер ұйымдастырып келеді. 2002 жылы Алматы - Дубай - Алматы бағыты ашылғаннан бері Қазақстаннан Дубайға барлығы 183 475 жолаушы тасымалданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны