06.05.2010, 12:39 3624

Астанаға Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа тіккен 50-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы жеткізілді

Астанаға Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа тіккен 50-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы жеткізілді

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Астанаға Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа тіккен 50-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"1945 жылдың көктемінде Фашистік Германиянының жеңілгенін білдірген алғашқы белгі Қазақстанға жеткізілді. Ол - Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа тіккен 50-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік қызыл туы. Бірақ елге жеткен жәдігер түпнұсқа емес, соның айнымас көшірмесі. Қымбат жәдігермен ең алғашқылардың бірі болып Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы танысты.

Ту Ресейде жасалған. Біздің елдің арнайы барған делегаттарына Мәскеу қаласында бұл байрақ салтанатты түрде тапсырылды. Осының өзі ондаған жылдар бойы тарихи талас тудырған мәселеге соңғы нүктенің қойылғандығын айғақтайды. Осы қадаммен ресейліктер қазақтың жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккенін мойындады,- дейді бүгінгі шараны ұйымдастырушылар. Қазақтан шыққан батыр тұлға Рақымжан Қошқарбаев бұл туды Рейхстагтың төбесіне 1945-ші жылдың 30-шы сәуірінде тіккен. Қазақтың қолымен Германия астанасына тігілген ең алғашқы жеңіс туының бұл нұсқасы енді еліміздің тұңғыш президентінің мұражайында сақталады",- делінген сюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны