22.10.2015, 12:42 3549

"Астана-Қарағанды" тас жолында 60 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді

Қазанныӊ 22-і күні 05:40-та "112" нөмірі бойынша "Астана-Қарағанды" тас жолында қалаға 20 шақырым жетпей, 60 жолаушысы бар автобус сынып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Қазанныӊ 22-і күні 05:40-та "112" нөмірі бойынша "Астана-Қарағанды" тас жолында қалаға 20 шақырым жетпей, 60 жолаушысы бар автобус сынып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына №1 Автобус паркініӊ 2 техника бірлігі (автобус, Камаз) жетеді. Автобустыӊ 60 жолаушысы (Тәжікстан, Өзбекстан, РФ азаматтары) "Астана-Қарағанды" тас жолындағы кафелердіӊ біріне көшірілді. Көлік Ресейдіӊ Тюмень қаласынан Қырғызстан Республикасына жол тартқан болатын, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Астаналық "112" кезекші қызметініӊ жедел әрекеттерініӊ арқасында автобустыӊ 60 жолаушысы уақытылы қауіпсіз жерге көшіріліп, жапа шеккен адамдар жоқ.

Айта кетейік, кеше ауа райыныӊ күрт өзгеретіндігі туралы хабарлама таратылған болатын. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 22 қазан тәулік бойы Астана қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оӊтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ауа райыныӊ салқындауына байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті азаматтарды ауа райыныӊ өзгеруі туралы ақпараттарға құлақ түруге, алыс сапарларға шығар алдында көліктіӊ техникалық жағдайын тексеруге шақырады. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны