01.11.2016, 14:54 4195

Астаналық оқушылар "MOSTRATEC" халықаралық ғылыми жобалар және технологиялар олимпиадасында 7 алтын медальға ие болды

Халықаралық байқау-жәрмеӊке қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медальға ие болды.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - 24-28 қазан күндері елордалық мектептердіӊ жоғары сынып оқушылары Бразилияныӊ Порту-Алегри және Нову Гамбург қалаларында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында бақ сынады, деп хабарлайды білім басқармасы.

Байқау 31-ші "Mostra Internacional de Ciencia e Tecnologia" (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеӊкесі аясында ұйымдастырылды. Оныӊ бағдарламасына сәйкес техникалық білім беру семинары, роботехника фестивалі, өӊірлік кітап көрмесі және бірқатар мәдени, спорттық шаралар өткізілді. Білім бәсекесіне еліміздіӊ, Бразилияныӊ, АҚШ, Қытайдыӊ, Аргентинаныӊ, Босния мен Герцеговинаныӊ, Чилидіӊ, Колумбияныӊ, Данияныӊ, Голландияныӊ, Үндістанныӊ, Индонезияныӊ, Италияныӊ, Мексиканыӊ, Парагвайдыӊ, Перудіӊ, Португалияныӊ, Тунистіӊ, Түркияныӊ және Уругвайдыӊ оқушылары қатысты.

Халықаралық шараны 1967 жылы құрылған "Liberato" бразилиялық қоры ұйымдастырды. Қоғамдық институт ғылым мен технологияларды дамытуға білікті мамандарды даярлауға қолғабыс етеді.

Mostratec көрмесініӊ мақсаты - оқушылардыӊ жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканыӊ түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмысқа мамандарды тарту.

Көрменіӊ қаржыландырылуы жеке кәсіпорындардыӊ, оныӊ ішінде "Іntel" IT-компаниясы және ірібразилиялық химиялық "Braskem" компаниясы арқылы қамтамасыз етіледі.

Елордалық оқушылар қазылар алқасыныӊ назарына математика, физика, химия және информатикадан зерттеу жұмыстарын ұсынды.Ғылыми еӊбектерді университеттердіӊ профессорлары мен оқытушылары, ғылыми институттардыӊ және бейінді компаниялардыӊ қызметкерлері бағалады.

Астана қаласындағы білім беру мекемелерінде оқитын оқушылардыӊ 10 жұмысы байқаудыӊ ақтық кезеӊіне жолдама алды. Оныӊ ішінде озонныӊ жердегі өсімдіктерге зиянды әсерініӊ дәлелдері, айналмалы цилиндрлері бар жел қозғалтқышыныӊ аэродинамикалық сипаттамалары, кейбір әлеуметтік процестерде иерархия талдауын қолдану және т.б. бар.

Халықаралық байқау-жәрмеӊке қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медальға ие болды.

Үздік жұмыстардыӊ авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар қазақстандық оқушылардыӊ дайындығы жоғары екендігін атап өтіп, Қазақстандағы білім деӊгейіне жоғары баға берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны