30.10.2007, 18:35 3086

Астаналықтардың жылу пайдаланудағы қарыздары 100 млн теңгеден асып жығылады

Астаналықтардың жылу пайдаланудағы қарыздары 100 млн теңгеден асып жығылады.

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана тұрғындарының 2007 жылдың 1-қазанындағы жағдаймен "Астана-Теплотранзит" компаниясының алдындағы жылу пайдаланудағы қарыздары 130 млн теңгені құраған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "АстанаЭнергоСбыт" ЖШС хабарлады.

Кәсіпорын, 2006/2007 жылдардың жылыту маусымындағы заңды тұлғаларды қоспағанда тұрғындардың жалпы қарызы 200 млн теңгеден асып түскендігін, еске сала кетті. Сондай-ақ, "Астана-Теплотранзит" АҚ хабарлауынша, астаналықтардың 95 пайызы жылу ақысын тұрақты төлеп отырады, тек қалған 5 пайызы ғана осындай үлкен көлемдегі қарызға батып отыр.

"Бізде заңды тұлғаларға қатысты проблема жоқ, дер кезінде төлемесе жылуды өшіріп тастаймыз, ал тұрғындарға келетін болсақ жағдай күрделі",- деді "Астана-Теплотранзит" АҚ.

Компания жуықта алты насосты станцияны реконструкциялауды аяқтаған, жетінші станция салынып жатыр. Келесі жылы мекеме басшылығы үшінші жылу желісінің үшінші кезегін пайдалануға беруді жоспарлап отыр, бұл Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың тұрғын үй және әкімшілік ғимарттарына қызмет көрсететін болады. Төрт учаскенің үшеуіндегі жұмыс аяқталған. Бұл ұзындығы 14 шақырым жылу магистралі болады. Мекеме басшыларының айтуынша, компания қараша-желтоқсан айларында қосымша 260 гигакалория қуат беретін тағы бір қазандық агрегатын іске қосады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны