08.07.2018, 23:43 4924

Астананыӊ 20 жылдығын жетісулықтар шат-шадыман атап өтті

Жалпы, Астананыӊ 20 жылдығына орай Алматы облысында осы күні 40-қа жуық түрлі мәдени-бұқаралық, танымдық, спорттық шаралар өтті. Соныӊ ішінде Алакөл ауданы Үшарал қаласында аумағы 5,7, гектар болатын "Астана" саябағы ашылды. Ал "Талдықорған" ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті.

Талдықорған. 8 шілде. Kazakhstan Today -Астана күні мерекесінде талдықорғандық отбасылар жаӊа пәтерге ие болып, бірқатар азаматтар мерейтойлық медаль алды. Пәтерге ие болғандар қатарында көп балалы отбасылар, I,ІІ топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теӊестірілген азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Бұл күні жалпы саны 180 отбасы осындай қуанышқа кенелді.Осы игілікті істі Талдықорған қаласындағы "Жастар" саябағында Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов атқарды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі алдымен саябақтағы Астана тақырыбына арналған қалалық білім мерекемелерініӊ көрмелерін, балалардыӊ спорттық және викториналық жарыстарын тамашалады. Мұнан соӊ парк сахнасында жетісулық қауымды Астана күні мерекесімен құттықтап, бас шаһардыӊ тәуелсіз ел өміріндегі айрықша рөліне тоқталып өтті.

- Астана - Елбасыныӊтөл перзенті, Қазақстанныӊ жаӊа дәуірініӊ батыл бастамасы!Тәуелсіздіктіӊ кешегі қиын жылдарында, Президент қабылдаған тарихи шешім елімізді дамудыӊ даӊғыл жолына шығарды. Есілдіӊ бойына ел қондырған бүгінгі Астана - тәуелсіздіктіӊ төл тарихы, ұлттыӊ ұйытқысы, құт қонған мерейлі мекен! Қаланыӊ сәулеттік философиясын Елбасыныӊ өзі қалыптастырып, бас жоспарын өзі сызды. Сөз жоқ, бүгінгі Астана - Тәуелсіз Қазақстанныӊ өз қолымен орнатқан еӊ бірінші Елордасы, татулықтыӊ тұрағы, бейбітшіліктіӊ бесігі, жасампаздықтыӊ жарқын үлгісі! Ұлтымыздыӊ ұлы армандарыныӊ ақиқатқа айналған тарихи шежіресі, - деп атап өтті А. Баталов.

Өз сөзінде Алматы облысы Астананыӊ 20 жылдығына орай Елорда төрінде "Жетісу" саябағын жаӊғыртып, тарту жасағынына тоқталған өӊір басшысы А. Баталов бүгінгі күні Талдықорған қаласында да бірқатар игі шаралар атқарылғанын тілге тиек етті.Соныӊ бірегейі - бас қаламыздыӊ құрметіне облыс орталығы Талдықорған қаласында "Астана" атты жаӊа даӊғыл ашылғанын, көрнекті тарихшы-шежіреші Қадырғали Жалайыридыӊ, Еӊбек Ерлері Бәйкен Ишімов пен Зылиха Тамшыбаеваныӊ атына даӊғыл мен көшелер берілгенін айтты.

- Бүгін Астана күні жаппай тойлануда. Елордамыздыӊ 20 жылдық мерейтойына арналған шаралар барлық аудан, қалаларда өтіп жатыр. Ұлы даланыӊ төсінде - Сарыарқаныӊ төрінде қысқа мерзімде бой көтеріп, ажарланған, саяси салмағы артып, әлем мойындаған ажарлы Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін! Жұртымыз аман, еліміз абыройлы, бірлігіміз бекем, мерекеміз құтты болсын, ағайын! Мәӊгілік елдіӊ алтын қазығы Астанамыз жасай берсін! - деді А. Баталов өз құттықтауында.

Мұнан соӊ облыс басшысы бірқатар азаматтарға "Астананыӊ 20 жылдығы" мерейтойлық медалін тапсырды. Мұндай марапатқа жалпы 196 жетісулық ие болды. Облыс орталығындағы жаӊа пәтер кілттерін табыстау рәсімі де шараныӊ қуанышын еселеді. Мереке айшықты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жалпы, Астананыӊ 20 жылдығына орай Алматы облысында осы күні 40-қа жуық түрлі мәдени-бұқаралық, танымдық, спорттық шаралар өтті. Соныӊ ішінде Алакөл ауданы Үшарал қаласында аумағы 5,7, гектар болатын "Астана" саябағы ашылды. Ал "Талдықорған" ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны