08.06.2018, 17:00 10898

Астананыӊ 20 жылдығына арналған "Алтын тобылғы" әдебиет байқауы басталды

Өзініӊ бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. "Алтын тобылғы" байқауы жас жазушылардыӊ шығармашылығына қолдау көрсету сияқты мақсаттарды алға қойып отыр.

Алматы. 8 маусым. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры дәстүрлі "Алтын Тобылғы" әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы жариялады. Сыйақыныӊ жалпы қоры - 5,5 миллион теӊге.

Былтыр бұл байқауда Алматыдан Кретова Татьяна үздік деп танылған болатын.

Байқау серіктестері - Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Іс-шараға ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры Атқарушы директорыныӊ орынбасары Сұлтан Айтжанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ директоры Азат Шәуеев және "Алтын тобылғы"-2016 сыйлығыныӊ лауреаты Татьяна Кретова қатысты. "Алтын тобылғы" байқауы жыл сайын ұлттық әдебиетте жаӊа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердіӊ өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамныӊ қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл бірегей байқау Президенттіӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзініӊ бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. "Алтын тобылғы" байқауы жас жазушылардыӊ шығармашылығына қолдау көрсету сияқты мақсаттарды алға қойып отыр.

Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындайды. Мәселен, 2015 жылы "Мәӊгілік Ел" аталымындағы шығарма авторы, 2016 жылы "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 25 жыл" аталымы бойынша жеӊімпаз және былтыр "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы "Туған ел" тақырыптық аталымдары марапатталды. Биыл байқау төртінші рет өтуде және Астананыӊ 20 жылдығына арналады.

"Алтын Тобылғы" байқауы еліміздіӊ барлық өӊірлерінен 17 жаӊа жас ақын-жазушылардыӊ атын шығарды, олар өз шығармалары үшін ақшалай сыйлыққа ие болды және шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Үздік деп танылғандар ішінде: Өскеменнен Арай Ертарғынова, Алматыдан Кретова Татьяна, Алматы облысынан Мақпал Мыса, Астанадан Илмаш Айсулу, Талдықорғаннан Есболат Айдабосын, Семейден Қарт Мерей, Шахтинскіден Алексей Варзаевтар бар. Былтыр лауреаттардыӊ шығармалары арнайы басылыммен кітап болып шықты. Іс-шараныӊ соӊынды барлық журналистерге кітаптар таратылды.

"Байқаудыӊ басты мақсаты қазіргі қазақстандық жас ақын-жазушыларға қолдау көрсету және ынталандыру. Оларға өз есімдерін шығарып және халыққа көркем шығармаларын таныстыруға үлкен мүмкіндік беру", - деді Сұлтан Айтжанов.

Байқауға еліміздіӊ 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.

"Алтын Тобылғы" сыйлығы "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік балаларға арналған шығарма" сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Ирбір номинацияныӊ жеӊімпазына 1 миллион теӊге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы "Астананыӊ 20 жылдығына арналған үздік шығарма" атты арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теӊге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздіӊ танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереӊдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларыныӊ есімдерін білмейтін болады.

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеӊімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2018 ж. желтоқсан айында жарияланады. Толық ақпаратпен www.fpp.kz сайтынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры - 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жеке бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны