06.07.2018, 14:56 4791

Астананыӊ 20 жылдығына арналған еӊ үздік бейне құттықтаулардыӊ авторлары марапатталды

Байқау "Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ ордасы" және "Астана - жастар қаласы" атты екі номинация бойынша өтті. Байқауға Қазақстанныӊ әр өӊірінен 31 бейнеқұттықтау келіп түсті, оныӊ ішінде 10 бейнеқұттықтау үздік деп танылды.

Астана. 6 шілде. Kazakhstan Today - Астанада жастардыӊ арасында өткен елорданыӊ 20 жылдығына арналған еӊ үздік бейне құттықтаулар республикалық байқауыныӊ қорытыдысы шығарылды.

Байқау "Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ ордасы" және "Астана - жастар қаласы" атты екі номинация бойынша өтті. Байқауға Қазақстанныӊ әр өӊірінен 31 бейнеқұттықтау келіп түсті, оныӊ ішінде 10 бейнеқұттықтау үздік деп танылды.

"Астана- бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ ордасы" номинациясы бойынша Семей мемлекеттік медициналық университетініӊ студенті -Айдын Антеев бірінші орынға ие болды. Екінші орынды -журналист Рауан Қайдар, үшінші орынды- Салтанат Рзаева иеленді. Ал, "Көрермендер көзайымы" ынталандыру грамотасымен Лев Тырышкин марапатталды.

"Астана - жастар қаласы" номинациясы бойынша журналист Карина Шайкенова жеӊімпаз атанды. Екінші орынға Айша Сейілова, үшінші орынға Айтмұхамед Қалмаханов ие болды. "Креативті бейнебаян" және "Елордаға арналған ілтипат" ынталандыру грамоталары Ботанов Арнай мен Жасталап Арманға табысталды.

Екі номинация бойынша жеӊімпаздарға сыйақы берілді (1 орынға -150 мыӊ теӊге, 2-орынға 120 мыӊ теӊге, 3-орынға 80 мыӊ теӊге) , сондай-ақ, қатысушылар шарада белсенділік танытқаны үшін арнайы грамоталармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны