21.08.2006, 12:43 2956

Астананың аудандық әкімшіліктерінің жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияларға 50 млн. теңгенің 150 өтініші келіп түсті

АСТАНА. 21-тамыз. Kazakhstan Today. 18-тамыздағы жағдаймен Астананың аудандық әкімшіліктерінің жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияларға 50 млн. теңгенің 150 өтініші келіп түсті. Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Асылжан Мамытбеков әкімшілікте өткен шұғыл кеңесте құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Комиссиялар 51 өтінішті қарады. 6 өтініш толықтыруға жолданып, 43 азаматқа мүлкін заңдастыруға рұқсат берілген жоқ. 32 өтініш боынша жұмыстар одан әрі жалғасуда, деді А.Мамытбеков. Оның айтуынша, заңдастырылатын мүліктердің ең көбі немесе 43 проценті адам тұруға арналмаған орын-жайлар, 25 проценті тұрғын жайлар, 20 проценті көлік тұрақтары, 6 проценті қала аумағындағы жер телімдері, 6 проценті саяжайлар. Дегенмен, А.Мамытбековтың айтуынша, салық комитеттерінің жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияларға "салық мекемелерінде заңдастырылуға тиіс мүлкі бар азаматтардан бірде-бір өтініш келіп түспеген".

Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев қаладағы қызметтерге "Мүлікті заңдастыруға байланысты рахымшылық жасау туралы" заңның ережелерін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. "Мен барлық аудан әкімдері мен департамент директорларына мүлікті заңдастыру тәртіптеріне қатысты түсіндірме жұмыстарына арналған кеңестер өткізуді тапсырамын. Осынау айрықша маңызды мемлекеттік шараны әжетке жаратпау күнәнің үлкені болар еді",- деді қала басшысы.

Бұған қоса ол қажет болған жағдайда мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиялардың жұмыс күнін ұзартуды, ал егер өтініштер көп болған жағдайда комиссиялардың жұмысын "бер терезе" принципіне сәйкес ұйымдастыруды ұсынды. "Жетіспеген құжаттарды комиссияның өзі рәсімдейтіндей жағдайда жұмысты жолға қою қажет. Ерекше жағдайларда ғана заңдастырудан бас тартылуы қажет",- деді Ө.Шүкеев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны