16.10.2009, 12:29 1662

Астананың аудандық соты бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды (толықтырылған)

Астананың аудандық соты бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрін төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды (толықтырылған)

Астана. 16 қазан. Kazakhstan Today - Астананың Есіл аудандық сотында бүгін судья Ерлан Тасыров бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовты төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл істі БАҚ-тар төрт ай бойы жария етіп келді, және сіздер өзіміздің кінәсіз екенімізді толық дәлелдеп шыққанымызға куәгер болдыңыздар. Сол себепті маған мұнай үкімнің қандай негізде шығарылғанын мен білмеймін. Біз апелляциялық шағым түсіретін боламыз", - деді Нұрлан Ысқақов журналистерге.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана қаласының Есіл аудандық сотында 16 маусымда бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа және мекеменің екі вице-министрі - Илжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа қатысты іс қарала бастады. Сот мәжілістері ашық жүргізілді.

Айыптау материалдары бойынша Нұрлан Ысқақов, И. Бралиев, З. Сәрсенбаев, Т. Савицкая, А. Жайылғанов пен В. Лайсқа қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып бюджет қаржысын жымқыруға түрлі жолдармен қатысты және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 1 млрд 172 млн теңге көлемінде шығын келтірді деген айып тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны