04.02.2008, 15:37 2563

Астананың ауруханаларын толығымен жабдықтау 2008 жылы аяқталады - денсаулық сақтау департаменті

Астананың ауруханаларын толығымен жабдықтау 2008 жылы аяқталады - денсаулық сақтау департаменті

Астана. 4-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында биыл барлық төрт амбулаториялық аурухана кешені толығымен жабдықталады. Бұл туралы бүгін Елорда әкімшілігінде өткен жиналыста қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры Темірлан Кәрібеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Атап айтқанда, ол медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылу және іске қосылған денсаулық сақтау мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету шаралары жөнінде мәлімдеді.

"Жаңа ауруханалардың ұйымдастырушылық құрылымы бір тектес жасалған. Біз алдымызға ересектер, балалар мен екіқабат әйелдерге арналған бірыңғай учаскелік және арнайы қызмет қалыптастыру міндетін қойып отырмыз. Сонымен бірге, жаңа қызмет көрсету жүйесін енгізе отырып, біз жалпы дәрігерлік тәжірибені ұлғайтуға негіздеме жасау үстіндеміз", - деп хабарлады өз баяндамасында Т. Кәрібеков.

Табысты жұмыс істеу үшін амбулаториялық аурухана кешенін ашқаннан бастап кадрлармен қамтамасыз ету әкімшіліктің тікелей қадағалауында болды. Жаңа ауруханаларға барлығы 283 дәрігер мен 257 медбике жұмысқа қабылданды. Икімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, дәрігерлік штат орта есеппен 66 пайызға, ал медбикелер штаты орта есеппен 61 пайызға жабдықталған.

Қуатты амбулаториялық аурухана кешендерін қолданысқа енгізуімен қалада 55 терапевт және 75 педиатр учаскелері ашылды. Бұл бір дәрігер және бір медбикеге тіркелген тұрғындар саны бойынша түскен күшті азайтуға мүмкіндік берді. Енді балалар учаскелерінің саны ұсынылған нормативтерге толығымен сай келеді. Ол учаскелік көмек көрсету сапасына және дәрігерлердің жұмыс жағдайларына әсер етері сөзсіз.

Сонымен бірге, әкімшіліктегі жиналыста хабарлағандай, Астана медициналық колледжінің 300 түлегінің арқасында 2008 жылы медбикелер жетіспеушілігі азаяды. Сонымен бірге, биыл Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының 60 студенті мен медициналық колледждің 50 студентінің оқу төлеміне ақша қаражатын бөлу мәселесі шешілген. Бұл бойынша жоспарланған шығын биыл 130 млн теңгені құраса, 2009 жылы 425 млн теңгені құрамақ.

Амбулаториялық аурухана кешендерін салу кезінде әкімшілік тағы да 203 млн теңге сомасындағы 155 негізгі құрал алуға ақшалай қаражат бөлген. "Қазіргі уақытта барлық төрт амбулаториялық аурухана кешендері жалпы құны 916 млн теңге көлеміндегі 1035 құрал-жабдықпен қамтылды. Оның ішінде мердігерлер жалпы құны 713 млн теңге көлеміндегі 880 медициналық құрал жеткізді", - деп хабарлады жиналыста.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны