17.12.2012, 13:22 3277

Астананың азық-түлік белдеуінің аясында 42 жоба іске қосылды

"Астананың азық-түлік белдеуі жобаларының "ҚазАгро" холдингі қаржыландырған 42 нысаны іске қосылып, пайдалануға берілді және олар бүгінгі таңда елордалық нарыққа өнімдер жеткізуде", - деп хабарлады "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметінен.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астананың азық-түлік белдеуінің аясында 42 жоба іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астананың азық-түлік белдеуі жобаларының "ҚазАгро" холдингі қаржыландырған 42 нысаны іске қосылып, пайдалануға берілді және олар бүгінгі таңда елордалық нарыққа өнімдер жеткізуде", - деп хабарлады "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметінен.

Жалпы алғанда, Азық-түлік белдеуін жасау жобасының аясында 59 жоба мақұлданған және іске асырылуда, оларды қаржыландыру сомасы 30,7 млрд. теңгені құрайды.

Аталмыш жобалар Елбасының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда және ол Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданын қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны