12.09.2016, 11:09 4134

Астананыӊ "Жерұйық" саябағында Отбасы күні аталып өтті

"Жерұйық" саябағында "Отбасы - біздіӊ әлеміміз, біздіӊ тыныштығымыз, біздіӊ болашағымыз!" ұранымен Отбасы күніне арналған мерекелік сәдени-спорттық шара өтті.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Жерұйық" саябағында "Отбасы - біздіӊ әлеміміз, біздіӊ тыныштығымыз, біздіӊ болашағымыз!" ұранымен Отбасы күніне арналған мерекелік сәдени-спорттық шара өтті.

Мерекеніӊ ашылу салтанатында қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ільяс Бакиров пен олимпиада чемпионы, "Астана" президенттік спорт клубыныӊ аға менеджері Юрий Мельниченко сөз сөйледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұйымдастырушылар көптеген қызықты спорттық жарыстар мен конкурстар дайындады.

Абдуллаевтар отбасы "Салауатты өмір салтын ұстанатын үздік отбасы" интернет-конкурсыныӊ жеӊімпазы атанды. Ал Боранбаевтар мен Айтимовтар әулеті, сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен 2013 жылдан бастап Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп келеді. Міне, төрт жыл қатарынан қыркүйек айыныӊ әрбір екінші жексенбісінде қазақстандықтар бірін-бірі осы атаулы күнмен құттықтап жүр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны