27.02.2024, 13:20 42616

Астананың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің тағы бір тәсілі пайда болды

Төлем "Avtobys" қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады
Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі CTS-ке сілтеме жасай отырып.

Ол үшін "Avtobys" мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет.

Трекингпен төлеу үшін:

- маршруттар бөліміне өтіңіз;

- қажетті бағдарды таңдаңыз;

- белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;

- төлеу функциясын басыңыз;

- төлемді растаңыз.

Төлем "Avtobys" қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:

- көлік картасы;

- QR-код сканерлеу;

- Bluetooth арнасы;

- банк картасы;

- NFC құрылғылары;

- автобустың борт нөмірі;

- трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны