11.02.2019, 19:45 10895

Астананың "Сарыарқа" ауданының жеке секторында улы газ бен түтін датчиктерін орнату жұмыстары басталды

Алғашқы датчик өткенде өртенген үйдің ауласындағы екінші үйге орнатылды. Әзірге жиналған қаражат осындай құрылғыны 10 үйге орнатуға жетеді.

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Астананың "Сарыарқа" ауданы әкімдігінің Көктал 1, Көктал 2 тұрғын үй массивтерінде улы газ бен түтін датчиктерін орнату бастамасын Astana Джентльмендер клубының еріктілері қолдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Сарыарқа" ауданы көтерген бастаманы естіген соң Джентльмендер клубы ол шарадан шет қала алмады. Біз улы газ бен түтін датчиктерінің екі түрін алуға ақша жинадық. Біріншісі ол төбеге орнатылады, ал екіншісі үйдегі улы газдың мөлшеріне әрекет етеді. Ол адамның қолы жететін жерге орнатылады да тоққа қыстырылады. "Сарыарқа" ауданы әкімдігінде осы датчиктерді орнататын арнайы техникалық топ бар. Құрылғы Көктал 1, Көктал 2 тұрғын үй массивтерінде тұратын көп балалы отбасылар мен ауданның жеке меншік секторындағы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың үйлеріне орнатылуда",- деді Джентльмендер клубының өкілі Арман Қашқынбеков.

Алғашқы датчик өткенде өртенген үйдің ауласындағы екінші үйге орнатылды. Әзірге жиналған қаражат осындай құрылғыны 10 үйге орнатуға жетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Еріктілер болашақта Агроқалашық және сол маңдағы жер үйлерді қамтуды көздеп отыр. Қазір аудандық ТЖ басқармасы, ЖПҚ және еріктілер қатарынан жеке сектордың үйлерін аралап шығу үшін мобильді топтар құрылды. Пештердің өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін бірлесіп тексеру және түтін жолдарын тазалауға көмек көрсету жүргізілуде, ол үшін топтарға тиісті мамандар тартылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны