06.10.2015, 17:41 4228

"Астана-Защита" жүрдек пойызы күн сайын жүретін болады

Жолаушыларды жедел және сапалы тасымалдау мақсатында 2015 жылдыӊ 9 қазаны күні "Астана-Защита" бағытында қатынайтын №67/68 "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ екінші құрамы сапарға аттанады.

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - Жолаушыларды жедел және сапалы тасымалдау мақсатында 2015 жылдыӊ 9 қазаны күні "Астана-Защита" бағытында қатынайтын №67/68 "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ екінші құрамы сапарға аттанады. Енді бұдан былай аталмыш пойыз күн сайын қатынайтын болады. Жолда жүру уақыты - 16 сағат 50 минут. Бұл кәдімгі пойыздардан 10 сағат бұрын барады деген сөз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екінші құрам 23 жаӊа "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұрады, оныӊ 2-і вагоны "Гранд", 2 -уі "Бизнес", 14-уі "Турист" санаттарына бөлінген. Бұған 2 вагон-ресторан мен 3 техникалық вагонды қосыӊыз.

"Тұлпар-Тальго" пойыздарына (оныӊ ішіне осы №67/68 пойызы да кіреді) "Турист", "Бизнес" және "Гранд" вагондарына тиісінше 40%-ға дейін қосымша жеӊілдіктер енгізілгенін естеріӊізге саламыз.Егер бұрын осы бағыттағы "Турист" вагоныныӊ билеті 9 283 тенге болса, ол енді 8 136 тенгеге арзандады. Ал жолаушы алдын ала бір ай бұрын қам жасаса айтарлықтай қаржы үнемдеп, билетті небәрі 5 946 тенгеге сатып алуға болады.

Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеӊілдіктер мен жолаушылардыӊ 3 тобына арналған дисконтты карталардыӊ да күші сақталады:

1) "Құрмет" - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеӊілдік көлемі - 30%;

2) "Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеӊілдік көлемі - 30%;

3) "Саяхатшы" - тұрақты жолаушылар үшін 20 % дейін.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны