01.03.2020, 21:49 4727

Қасым-Жомарт Тоқаев ел жұртшылығын Алғыс айту күнімен құттықтады

Еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел жұртшылығын Алғыс айту күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы Ақорданың сайтында жарияланған.

Құттықтау мәтіні:

"Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы белгілеген бұл мейрам - өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі.

Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты.

Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл - егемен еліміздің баға жетпес байлығы.

Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық - әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі.

Еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әр отбасына амандық пен игілік тілеймін!".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны