06.09.2007, 12:13 1720

Атақты итальяндық тенор Лучано Паваротти қайтыс болды

Атақты итальяндық тенор Лучано Паваротти қайтыс болды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АЛМАТЫ. Атақты итальяндық тенор Лучано Паваротти қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Л. Паваротти 8-тамызда өкпесі қабынған деген күдікпен ауруханаға жатқызылған, ал 25 тамызда жағдайы тұрақтануға байланысты ол ауруханадан шығарылды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Л.Паваротти өз үйінде онколог-дәрігерлердің бақылауында болған, өйткені, оған 2006 жылы ұйқы безінің қатерлі ісігін алу операциясы жасалған болатын. Науқасына байланысты тенордың 2006-жылға жоспарланған барлық концерттері өтпей қалды.

Л. Паваротти 1935 жылдың 12 қазанында Италияның Модена қаласында туған. Оның саз өнеріне деген құштарлығын ұлы орындаушылардың жазбалары бар үнтаспаларды жинап беру арқылы әкесі оятқан. 1961 жылы Лучано Реджо Эмилия театрында жас әншілердің халықаралық байқауында жеңіске жеткен және сол жылы Джакомо Пуччинидің "Богема" қойлымында Рудольфтің партиясымен алғаш рет сахнаға шықты . 1966 жылы Паваротти "Ла Скала" театрының жеке орындаушысына айналды. Бұдан кейін ол операны тастап, концерттерге ғана атсалыса бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны