14.06.2011, 14:25 4257

Атамекен 4 шілдені Кәсіпкерлер күні деп жариялауды ұсынады

"Қазақстанда 1992 жылдың 4 шілдесінде "Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы" заңға қол қойылды. Бұл заң тәуелсіз еліміздің алғашқы заңдарының бірі болды және нарықтық экономиканы қалыптасуына негіз болды", - деді А. Перуашев сенаттағы "Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық табыстары" атты мәжілісте сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды "Атамекеннің" баспасөз қызметі.

Астана. 14 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы 4 шілдені Кәсіпкерлер күні деп жариялауды ұсынады, деп Экономикалық палата төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда 1992 жылдың 4 шілдесінде "Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы" заңға қол қойылды. Бұл заң тәуелсіз еліміздің алғашқы заңдарының бірі болды және нарықтық экономиканы қалыптасуына негіз болды", - деді А. Перуашев сенаттағы "Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық табыстары" атты мәжілісте сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды "Атамекеннің" баспасөз қызметі.

Ақтөбе/субсидия/келісімшарт

Ақтөбеде алты бірдей субсидиялау келісімшартына қол қойылды - баспасөз баяны

Ақтөбе облысында "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының алғашқы бағыты болып табылатын "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" жобасының аясында "Даму" қорының Ақтөбе облысындағы өңірлік бөлімшесі, екінші деңгейлі банк бөлімшелері мен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында субсидиялаудың тағы 6 келісіміне қол қойылды.

Банк несиелері бойынша пайыздық үстемені субсидиялау түріндегі мемлекет қолдауын Ақтөбе облысындағы мына шағын кәсіпкерлік субъектілері ие болды:

1. "Ақбөбек" реабилитациялық орталығы" ЖШС.

2. "ТЕНУСА" ЖШС.

3. "Бур-Най" ЖШС.

4. "Березан В.В." жеке кәсіпкерлігі.

5. "Шоман" шаруа қожалығы.

6. "Кемелбаев Б.И." жеке кәсіпкерлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны