26.04.2017, 10:57 4465

"Атамекен" фильмі Третьяков галереясында көрсетіледі

Қазақстанныӊ мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдіӊ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтыӊ "Атамекен" көркем фильмі көрсетіледі.

Алматы. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдіӊ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтыӊ "Атамекен" көркем фильмі көрсетіледі.

Кеӊес дәуірініӊ үздік фильмдерініӊ бірі "Оттепель: лицом к будущему" фильмі мұражай аралық фестивалдіӊ "Война окончена" бағдарламасыныӊ шеӊберінде көрсетіледі. Фестиваль ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерініӊ Мемлекеттік мұражайы (ГМИИ), Мемлекеттік Третьяков галереясы (ГТГ), Мәскеу мұражайы және Горький паркі.

"Атамекен" фильмініӊ көрсетілімі 2017 жылдыӊ 26 сәуірінде сағат 19:00-де Третьяков галереясыныӊ Инженер корпусында болады (Лаврушинский, 12).

"Атамекен" фильмініӊ оқиға желісі екінші дүниежүзілік соғысынан бір жыл өткеннен кейінгі уақытты баяндайды. Фильмніӊ басты кейіпкерлері - ата мен немере - соғыста қайтыс болған баласыныӊ сүйегін тауып, туған жеріне алып келу үшін пойызбен Ресейге аттанады. Сценарийді Олжас Сүлейменов жазған.

Шәкен Аймановтыӊ естелігінен: "Біздіӊ фильм көрерменге ой салу үшін, өзі дамыта алуы мақсатында түсірілген. Кейіпкерлер туған жерінен өтіп, адамдармен танысып, соғыстыӊ кесірінен қираған орыс жерін көрсету маӊызды емес. Біз үшін, қарияныӊ фильмніӊ соӊында әлемге, адамдарға деген көзқарасыныӊ өзгергенін көрсету маӊызды болды." ("Шәкен Айманов. О себе, о своем искусстве", Мәскеу, 1974 г.)

"Атамекен" фильмі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ҚСР-ныӊ Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1968 ж.). Фильмдегі басты рөлді сомдаған Елубай Өмірзақов та Мемлекеттік сыйлықты иемденді. Сондай-ақ, фильмге Мурат Ахмадиев, Юрий Померанцев, Имина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева және тағы басқалар түскен.

"Война окончена" бағдарламасыныӊ шеӊберінде кеӊес және батыс Еуропаныӊ фильмдері көрсетіледі, олардыӊ арасында: "Германия, год нулевой" Роберто Росселлини (Италия, 1947), "Крест за отвагу" Казимежа Куца (Польша, 1959), Александр Алов пен Владимир Наумов "Мир входящему" (СССР / РСФСР, 1961), "Никто не хотел умирать" Витаутас Жалакявичус (СССР / Литва, 1965), "Холодные дни" Андраш Ковач (Венгрия, 1966), "Два Федора" Марлен Хуциев (СССР/Украина, 1985 г.), "Безумие" Кальё Кийск (СССР / Эстония, 1968) және тағы басқалар.

Сонымен қатар, "жылымық" кезеӊініӊ мәдениетіне, сәулетіне, өнеріне және соғыссыз әлемге арналған деректі фильмдердіӊ көрсетілімі өткізіледі. Фестивальдіӊ шеӊберінде Мәскеудіӊ әр түрлі мәдени алаӊдарында лекциялар, дөӊгелек үстелдер, сурет және фотография көрмелері, және де концерттер мен поэзия оқулары өтеді.

"Атамекен"

Фильм туралы: Соғыстыӊ біткеніне бір жыл болғанда қария сарбаз ұлыныӊ денесін Ленинград түбіндегі ауыл зиратынан алып, қазақ даласында жерлеу үшін немересімен бірге жолға шығады. Алайда молаға жеткен олар сарбаздыӊ соғыстағы жолдастарымен бір қабірде жатқанын біледі. Сонда ата мен немере оны мазаламауды ұйғарады. Өйткені ортақ қайғы ерлікпен шейіт болған сарбаздарды мәӊгіге туыс қылды. Біздіӊ Отанымыздыӊ әрбір жері сарбаздар үшін атамекен болып қала бермек.

Өндірісі: "Қазақфильм"

Режиссері: Шәкен Айманов

Сценарий авторы: Олжас Сүлейменов

Операторы: Мұрат Айманов

Суретшісі: Құлахмет Қожықов

Композиторы: Еркеғали Рахмадиев

Марапаттаулары: - Еӊ үздік режиссерлік шешім үшін, ХКФ, Франкфурт-на-Майне, 1966 ж; - Бірінші дәрежелі диплом және бас жүлде "Горный хрусталь", Орта Азия республикалары және Қазақстан фильмдерініӊ көрсетілімінде; еӊ үздік сценарий үшін сценарий авторы Олжас Сүлейменовке Диплом И Душанбе, Тәжікстан, 1967 ж.; - Орта Азия және Қазақстан кинематографистерініӊ көрсетілім-жарысы, 1967 ж.; - III ВКФ-те Е. Өмірзақовқа рөлді үздік сомдағаны үшін жүлдесі, Ленинград, 1968 ж.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны