18.01.2007, 12:51 3557

"Атамекен" саяси бірлестігі жетекшісінің айтуынша, президент әкімшілігі оның телеэфирге шығуына кедергі келтіруде

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. Жуырда ғана құрылған, бірақ әлі тіркелмеген оңшылцентристік "Атамекен" партиясының жетекшісі Ержан Досмұхамедов өзнің қатысуымен өткен бағдарламаның телеэфирге шығуына президент әкімшілігі басшысының кедергі келтіріп отырғанын айтады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісі хабарлайды.

Е. Досмұхамедовтың айтуына қарағанда, телеэфир 2 желтоқсанда берілуі тиіс еді, алайда берілмепті.

Е. Досмұхамедов кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында , өзінің сауалын президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбековке жолдай отыра, былай деді: "Централ Азия Монитор" басылымының 29 желтоқсанындағы санында менің телевидениеге берген сұхбатымның стенограммасы басылды. Менің қатысуыммен өткен бағдарламаның эфирге шығуына заңды түрде кедергі болатындай баяндамамда ешқандай алабөтен пікір немесе мәлімдеме жоқ. Жақсыбеков мырза не себепті бағдарламаны эфирге шығармауға нұсқау берген?".

Сонымен қатар , партия лидері БАҚ арқылы И.Жақсыбековке сауал жолдау мүмкіндігін пайдалана отырып, мынадай сауал тастады: "өткен жылы жазылған үндеуіме неге жауап жоқ? Онда мен үкімет мүшесі тарапынан маған көрсетілген бассыздық туралы мәселе көтерген болатынмын". Алайда, Е.Досмұхамедов кім және не жөнінде айтып отырғанын нақтыламады.

Сондай ақ, ол Алматы прокурорына сауал жолдады. "Мен қала прокурорынан,

президент әкімшілігінің қай қызметкері прокуратураны пайдаланып, маған қарсы негізсіз шара ұйымдастырғанын сұрайын деп едім", деді Е. Досмұхамедов. Бұл сұрақ баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, партия жетекшісіне прокуратураның өкілі келіп оған әлі тіркелмеген саяси бірлестіктің бланкті заңсыз пайдаланғаны туралы құжат тапсыруына байланысты айтылды. Өз кезегінде Е.Досмұхамедов партияның әзірге ешқандай бланкі жоқ екенін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны