05.06.2020, 13:52 7655

Атасу елдімекенінің әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқыруда күдікке ілінді

27 мамырда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу елдімекенінің әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқыруда күдікке ілінді.

Жезқазған өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылы "2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасының аясында бөлінген Жаңаарқа ауданының Атасу елді-мекеніндегі "Ертөстік" балабақшасының ағымдық жөндеуі бойынша №2 үлгісіндегі актілердің негізінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 4 603 737,9 теңгені төлеу арқылы қаражатты жымқыруда күдікке ілінген "Жаңаарқа ауданының Атасу елді-мекені әкімінің аппараты" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

А.ж. 27 мамырда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны