31.10.2007, 17:38 6363

Атылған Қырғызстан журналисті діни экстремистермен байланыста болған - Қырғызстан ІІМ

Атылған Қырғызстан журналисті діни экстремистермен байланыста болған - Қырғызстан ІІМ

Бішкек. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жуықта атылған Қырғызстан журналисі Алишер Саипов діни экстремистермен және өзбек оппозициясымен тығыз байланыста болған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның құқық қорғау оргнадарының қызметкерлері А. Саиповтың кеңсесіне тінту жүргізгеннен кейін мынадай қорытындылар жасаған. Атап айтқада, милиционерлер "Сиесат", "Дидор" және "Эрк" деп аталатын өзбек тіліндегі қоғамдық-саяси газеттер тәркілеген. Онда жарияланған материалдарда "қазіргі Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімовтың диктатурасы" мен 2005 жылдың мамырында Индіжан облысында болған оқиғалар көрініс тапқан. Сонымен қатар, құқық қорғау құрылымының қызметкерлері Өзбекстанның президенті Ислам Кәрімовтың отставкаға кетуін насихаттаған 2 мыңнан астам үнпарақтар салынған дорба тапқан.

"А. Саипов "Өзбекстанның Ислам қозғалысы" лаңкестік ұйымының жетекшілерімен байланыста болған.

Күш құрылымдарының ақпараттарына сүйенсек, "А. Саипов 2007 жылдың сәуірінде немесе мамыр айында Иранда "Өзбекстанның Ислам қозғалысының" жетекшісі Тахир Юлдашевпен кездескен және де одан үнемі ақшалай сыйақы алып тұрған-мыс". Қырғызстанның құқық қорғау органдарының айтуынша, А. Саипов өз үйінде Индіжан оқиғаларының жетекшісі Кабул Парпиевті жасырып, кейінірек Қазақстанда бой тасалауына көмектескен.

Естеріңізге сала кетейік, А. Саипов үстіміздегі жылдың 24-қазанында Ош қаласында жеті сағат шамасында атылған. А. Саипов әртүрлі уақыттарда "Фергана.Ру" ақпараттық агенттігімен ынтымақтастық жасасып, "Голос Америки", "Свобода" радиосында тілші болып қызмет атқарған. Соңғы кезде Қырғызстанның оңтүстігіндегі танымал "Сиесат" ("Саясат") атты газетте редактор болып жұмыс істеген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны