22.12.2009, 11:44 3089

Атырау қаласының әкімі болып Мереке Есмұратов тағайындалды

Атырау қаласының әкімі болып Мереке Есмұратов тағайындалды

Атырау. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырау қаласының әкімі болып Мереке Есмұратов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау қаласының әкімі болып Мереке Отарұлы Есмұратов тағайындалды

Мереке Есмұратов 1961 жылы туған. Гурьев педагогикалық институтын, ҚР ІІМ Қарағанды заңгерлік институтын бітірген. Еңбек жолын Гурьев облысының Амангелді атындағы кеңшарында балықшы ретінде бастаған. 1983 жылдан 2009 жылдың тамыз айына дейін құқық қорғау органдары жүйесінде жұмыс істеді.

2009 жылдың қыркүйек айынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары болған.

Бұған дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын Сәлімжан Нақпаев иемденді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны