21.09.2012, 10:52 3120

Атырау қаласының маңында лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр

"2012 жылдың 20 қыркүйегінде құқық қорғау органының қызметкерлері Атырау қаласының маңында орналасқан "Көктем" саяжай алабындағы үйлердің бірінде ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде полиция қызметкерлеріне және Атырау ҚІІБ ғимаратына жасалған қарулы шабуылға қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтаған. Осыған байланысты таңғы 08:30-дан бастап аталған жерде оларды қолға түсіру мақсатында лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде", - деп айтылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атырау. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау қаласының маңында лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылдың 20 қыркүйегінде құқық қорғау органының қызметкерлері Атырау қаласының маңында орналасқан "Көктем" саяжай алабындағы үйлердің бірінде ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде полиция қызметкерлеріне және Атырау ҚІІБ ғимаратына жасалған қарулы шабуылға қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтаған. Осыған байланысты таңғы 08:30-дан бастап аталған жерде оларды қолға түсіру мақсатында лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде", - деп айтылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Операция өтіп жатқан аумаққа ерекше құқықтық режим енгізіліп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны