21.08.2012, 10:17 3718

Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау қаласының әкімі қызметіне бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Серік Айдарбековты тағайындады.

Атырау. 21-тамыз. Kazakhstan Today - Атырау қаласының жаңа әкімі қызметіне Серік Айдарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау қаласының әкімі қызметіне бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Серік Айдарбековты тағайындады.

Серік Айдарбеков 1975 жылы дүниеге келді. Ил-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Э.Маттей атындағы (Италия, Милан қаласы) жоғарғы мектепті және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1996 жылы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің маманы ретінде бастады. "Қазақойл" ұлттық компаниясының талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің талдаушысы, Премьер-Министрдің кеңсе бөлімінің кеңесшісі, "Agip KCO" компаниясының қазақстандық үлесті дамыту бойынша кеңесшісі, менеджері, "КЕР" ЖШС-нің бизнесті дамыту бойынша директоры, "ПауэрКомм" ЖШС-нің бас директоры, "Самұрық мемлекеттік активтерді басқару бойынша қазақстандық холдингі" АҚ-ның мұнай және газ активтерін басқару бойынша бас талдаушысы, Премьер-Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2010 жылдың қазан айынан бастап - облыс әкімінің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сәрсенбі күні Атырау облысында әкім ауысты. Бергей Рысқалиевтің орнына бұл қызметке Бақтықожа Ізмұхамбетов тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны