17.02.2012, 11:19 3569

Атырау мен БҚО 88 адам қар құрсауынан құтқарылды

"Атырау облысында 16 ақпанда "Атырау-Ақтөбе" а/ж Мақат кентінен 15 км жерде 8 жолаушысы бар 5 ауыр техника; "Доссор-Байшұнас" а/ж 27 шақырымында 9 жолаушысы бар 8 техника; "Доссор-Байшұнас" а/ж 30 шақырымында 8 жолаушысы бар 5 техника тұрып қалған", - делінген хабарламада.

Атырау. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау мен БҚО 88 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында қар құрсауынан 88 адам мен 37 техника шығарылған.

"Атырау облысында 16 ақпанда "Атырау-Ақтөбе" а/ж Мақат кентінен 15 км жерде 8 жолаушысы бар 5 ауыр техника; "Доссор-Байшұнас" а/ж 27 шақырымында 9 жолаушысы бар 8 техника; "Доссор-Байшұнас" а/ж 30 шақырымында 8 жолаушысы бар 5 техника тұрып қалған", - делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ "ЗРАОСО" ММ (2 адам мен 1 техника), ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД Мақат ауданы ТЖБ (2 адам мен 1 техника), "Интергаз орталық Азия" АҚ (8 адам мен 4 техника), "ДоссорМұнайГаз" компаниясы (6 адам мен 3 техника) күшімен 25 адам мен 18 техника қар құрсауынан босатылды. Құтқарылғандар Мақат ауданының "Бесбөлек" кен орнына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Батыс Қазақстан облысында "Жаманқұдық-Базарщолаң" а/ж ішінде екі кісісі бар трактор, "Чапаево-Жаңақала-Сайхин" а/ж 84-88 шақырымында 61 жолаушысы бар 18

техника тұрып қалды", - деп хабарлайды министрлік.

ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД "СП и АСР" ММ (5 адам мен 2 техника) күшімен далада қалғандар қар тұтқынынан құтқарылып, алған бағыттары бойынша жөнелтілді. Зардап шеккендер жоқ. 63 адам (соның ішінде 7 бала) мен 19 техника эвакуацияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны