31.01.2012, 10:49 24521

Атырау облысында ауа-райы күрт суытып, қатты боран болады деп күтілуде

Кеше Атырау облысының ТЖД 31-қаңтар күні аймақта боран болатындығы жайлы ескерту жариялады. Сондай-а, Атырау облысының басым аумағында тұман, бұрқасын, қатты жел, 20 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Атырау. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында ауа-райы күрт суытып, қатты боран болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Атырау облысының ТЖД 31-қаңтар күні аймақта боран болатындығы жайлы ескерту жариялады. Сондай-а, Атырау облысының басым аумағында тұман, бұрқасын, қатты жел, 20 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Құтқарушылар жергілікті БАҚ арқылы көлік жүргізушілеріне елді мекеннен шықпау керектігі жайлы хабар таратқан.

Дүйсенбі күні Атырау облысында құтқарушылар бірнеше күн бойы жауған толассыз

қардың салдарынан жолда тұрып қалған 30 шақты адамдарды құтқарды.

Батыс аймақтық құтқару қызметінің жетекшісі Амантай Ербозов хабарлағандай, тек бір күннің ішінде 30 адам құтқарылып, қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны