07.07.2016, 19:13 3765

Атырау облысында браконьерлерден 842 кг балық алынды

2016 жылдыӊ 6 шілдесінде Атырау облысындағы Көктоғай елді мекенініӊ жанында аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен облыстық табиғатты қорғау прокуратурасыныӊ қызметкерлері бірлескен түрде Батыс Қазақстан облысыныӊ "Газель" маркалы автокөлігіндегі екі тұрғынын ұстады

Атырау. 7 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 6 шілдесінде Атырау облысындағы Көктоғай елді мекенініӊ жанында аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен облыстық табиғатты қорғау прокуратурасыныӊ қызметкерлері бірлескен түрде Батыс Қазақстан облысыныӊ "Газель" маркалы автокөлігіндегі екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Транспорт құралын тексеру барысында ілеспе құжаттарынсыз жалпы салмағы 842 кг балық анықталды және алынды.

Аталған факт бойынша материалдар Атырау облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны