28.02.2012, 15:43 4656

Атырау облысында екі адам үсіп өлді

Атырау облысының Азғыр ауылдық окургінде 25 ақпан күні сағат 14.00 шамасында 1966 жылы туған азаматша Камереденова мен 1988 жылы туған азамат Камереденов Балқұдық қыстағынан шығып, Қартшеген қыстағына бет алып, қайтып оралмаған.

Атырау. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында екі адам үсіп өлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында қыстаққа барар жолда анасы мен баласы үсіп өлген.

Атырау облысының Азғыр ауылдық окургінде 25 ақпан күні сағат 14.00 шамасында 1966 жылы туған азаматша Камереденова мен 1988 жылы туған азамат Камереденов Балқұдық қыстағынан шығып, Қартшеген қыстағына бет алып, қайтып оралмаған.

Оларды Құрманғазы ауданының ТЖД қызметкерлері (жеке құрамның 3 адамы және 1 техника бірлігі) 27 ақпан күні сағат 13:00 шамасында үсіп өлген жерінен тауып алды", - деп айтылған таратылған ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны