30.01.2012, 10:38 3463

Атырау облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен үш адам дін аман табылды

2012 жылдың 27-қаңтары күні Атырау облысы Жылыой ауданы ТЖД кезекшісіне "Тойота" маркалы көлік мініп, "Шөл Қара" кен орнынан Атырау, Құлсары қаласына бет алған 3 адамның хабарсыз кеткені жайлы ақпарат келіп түскен.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен үш адам дін аман табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 27-қаңтары күні Атырау облысы Жылыой ауданы ТЖД кезекшісіне "Тойота" маркалы көлік мініп, "Шөл Қара" кен орнынан Атырау, Құлсары қаласына бет алған 3 адамның хабарсыз кеткені жайлы ақпарат келіп түскен.

ҚР ТЖМ Атырау облысының ТЖД 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдыра отырып жүргізген құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 28 қаңтар күні сағат 19.50 жоғалып кеткендер табылып, "Шөл Қара" кен орнына жеткізілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны