22.06.2012, 11:37 3626

Атырау облысында Индустрияландыру күні өтті

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі, отандық тауар өндірушілердің көрмесі, түрлі "дөңгелек үстел" отырыстары мен семинарлар өтті. Кеше өңірде сондай-ақ Атырау мұнай және газ институты механикалық факультетінің студенттері үшін "ҚазТурбоЖөндеу" ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Кеше, 21 маусымда Атырау облысында Индустрияландыру күніне арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі, отандық тауар өндірушілердің көрмесі, түрлі "дөңгелек үстел" отырыстары мен семинарлар өтті. Кеше өңірде сондай-ақ Атырау мұнай және газ институты механикалық факультетінің студенттері үшін "ҚазТурбоЖөндеу" ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Атырау облысында өткен Индустрияландыру күнінің аясында сондай-ақ Индустрияландыру картасының нысандарына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Олардың ішінде "ҚазТурбоЖөндеу" ЖШС газ-турбиналық жабдықтарын жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауыты, "ШевронМұнайГаз Инк" полиэтилен және металл-пластика құбырлары зауыты, "РауанНалко" ЖШС-нің мұнай өнеркәсібіне арналған химиялық реагенттер шығаратын зауыты, "Брандо" ЖШС-нің шприц өндірісі зауыты бар.

Журналистер сондай-ақ Атырау мұнай-өңдеу зауытындағы зауытындағы хош иісті көмірсутек өнімдерін шығаратын кешеннің құрылыс алаңында, Атырау жылу-энергия орталығында, Солтүстік Каспий жобасының "Болашақ" кешенді қондырғысында, т.б. нысандарда болды.

Индустрияландыру картасына Атырау облысы бойынша 27 жоба енгізілген, 2014 жылға дейін жүзеге асырылатын ол жобалардың жалпы құны 63 млрд. теңгені шамалайды.

Бұған дейін хабарландай, 3 шілде күні Астанада Елбасының қатысумен Индустриялық форум өтеді. Осынау шара аясында "Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз! Жаса, Қазақстан!" атты жалпыұлттық телекөпір және отандық тауар өндірушілердің оның ішінде Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған өндірістердің көрмесі өтеді деп жоспарлануда.

Телекөпірдің қарсаңында еліміздің өңірлерінде облыстық көрмелер мен конференциялар, форумдар мен "дөңгелек үстел" отырыстары өткізілуде. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында осындай іс-шаралар өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны