16.02.2012, 11:15 3190

Атырау облысында қар құрсауында қалған 27 адам құтқарылды

15 ақпан күні, сағат 20.30 Атырау облысының Жылыой ауданында ТЖД-ның кезекші бөліміне "Атырау-Доссор-Бейнеу" күре жолының екі жерінде адамдар қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабар келіп түсті.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында қар құрсауында қалған 27 адам құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында 27 адам мен 6 бірлік техника қар құрсауында қалып қой5fy7

15 ақпан күні, сағат 20.30 Атырау облысының Жылыой ауданында ТЖД-ның кезекші бөліміне "Атырау-Доссор-Бейнеу" күре жолының екі жерінде адамдар қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабар келіп түсті.

"Атырау-Доссор-Бейнеу" а/ж 15-ші шақырымында 25 адам мен 5 техника, сонымен қатар "Масабай" кен орнынан 35 шақырым жерде 2 адам мен 1 техника қар құрсауында қалып қойған. Жылыой ауданының "Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстарының қызметі" ММ-нің (жеке құрамының 3 адамы және 1 техникасы) көмегімен адамдар мен көліктер құтқарылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны