30.01.2012, 13:53 3509

Атырау облысында қардың қалың жаууына байланысты көлік қатынастары үзілді

Атырау облысының Жылыой ауданында барлық көлік жолын қар басып қалған. Бұл туралы Батыс аймақтық жедел-құтқару жасағының басшысы Амантай Ербозов мәлімдеді.

Атырау. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында қардың қалың жаууына байланысты көлік қатынастары үзілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысының Жылыой ауданында барлық көлік жолын қар басып қалған. Бұл туралы Батыс аймақтық жедел-құтқару жасағының басшысы Амантай Ербозов мәлімдеді.

Аймақта жолсыз жерлермен жүретін "Трэкол" көлік құралымен құтқарушылар тобы кезекшілік атқаруда. Өткен демалыс күні "Трэкол" көлік құралым ен Құлсарының аудан орталығынан 20 км жерде орналасқан Қосшағыл ауылынан алты адам жеткізілді. Олардың арасында жүкті әйел мен қария болған. Оларға ауруханада дәрігерлік көмек қажет болған.

Сонымен қатар, кеше кешкісін Құлсары-Теңіз тас жолында қарға кептелген 22 көлік табылды. Ол жерден он адам аудан орталығына жеткізілді. Олардың арасында бір жасқа толмаған екі бала бар.

Дүйсенбіге қараған түні Қосшағылдан Құлсарыға тағы 15 адам жеткізілді, олардың арасында да бір бала бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны