20.10.2006, 18:59 4944

Атырау облысында қазақ және түрік жұмысшылардың арасында төбелес болу салдарынан 140 адам жараланды

АТЫРАУ. 20-қазан. Kazakhstan Today. Атырау облысы Жылыой ауданында Теңіз кенішінде "Теңізшевройл" БК" ЖШС компаниясына қарасты бір мердігерлік құрылыс ұйымында істейтін қазақ және түрік жұмысшылардың арасында төбелес болу салдарынан 140 адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Атырау облыстық прокуратурасы.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, жұмысшылар арасындағы қақтығыс кеше үзіліс кезінде асханада шығып, әріқарай жаппай төбелеске ұласқан. Прокуратураның жорамалына сәйкес, қазақстандық жұмысшы түскі асты кезектен тыс алуға әркет жасаған. Бұл Түркия азаматтарының наразылығын туғызса керек. Осыдан кейін жатақханаға аттанған жұмысшы өзімен бірге 400-дей адамды ерте келген.

"Түріктер мен қазақстандықтар арасында төбелес шыққан. Қақтығыс кезінде бірнеше автокөлік пен арнайы киімдері бар контейнерлерлер жанып кеткен",- деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Төбелес салдарынан 140 адамға медициналық көмек қажет болып, сегізі ауруханаға жатқызылған.

Жаппай төбелестің себептерін анықтау үшін Теңізде Атырау облыстық прокурорының орынбасары Хабибулла Қасымовтың басқаруымен шұғыл тергеу тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны