03.10.2007, 18:13 2987

Атырау облысында қазақстан-ресей шекарасында жаңа кеден посты ашылды

Атырау облысында қазақстан-ресей шекарасында жаңа кеден посты ашылды

Атырау. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министр Кәрім Мәсімов ресей-қазақстан шекарасындағы "Құрманғазы" кеден постының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл пост Дүниежүзілік кеден ұйымының соңғы талаптарына сәйкес салынған",- деп атап өтті ашылу салтанаты барысында қаржы министрі Наталья Коржова.

Құрманғазы" бірыңғай бақылау-өткізу пункті Атырау облысының Құрманғазы ауданының Котяевка аулында орналасқан. Оны құруға 495 млн теңге бөлінген болатын. "Құрманғазы" бақылау-өткізу пункті мемлекеттік шекарада паспорттық, кедендік және де басқа да бақылаулар жүргізуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны